АТА-АНАЛАРҒА
Балабақшаға қабылдау
Баланы балабақшаға қабылдау ваучерлік қаржыландыру тетігі шеңберінде жүзеге асырылады. Тәртіп Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген Алгоритммен айқындалады.
- Кезекке қою Ата-ана немесе заңды өкіл баланы мектепке дейінгі ұйымға жолдау үшін портал немесе ақпараттандыру объектісі арқылы өтініш береді.
- Ваучер алу Кезек келген кезде жүйе ваучер беру туралы хабарлама жібереді. Ата-ана ваучерді пайдалануға келісімін растайды.
- Балабақшаны таңдау Ваучерді пайдалануға келісім расталғаннан кейін ата-ана қызмет көрсетушілер тізімінен бос орны бар мектепке дейінгі ұйымды таңдайды.
- Құжаттарды тапсыру Таңдалған балабақшаға қабылдау туралы өтініш беріледі және қабылдау үшін қажетті құжаттар дайындалады.
- Электрондық шарт Ата-ана ақпараттық жүйеде қалыптастырылған білім беру қызметтерін көрсету туралы электрондық шартқа қол қояды.
- Қабылдау Ваучер расталғаннан кейін балабақшаны таңдау және баланы қабылдау 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Лада» балабақшасын таңдадыңыз ба? Қабылдау және құжаттарды рәсімдеу бойынша сұрақтарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз — әрі қарайғы әрекеттерді түсіндіреміз.
Қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген Алгоритмге сәйкес көрсетілген.
№ 372 бұйрығын «Әділет» АҚЖ-да ашу